Аслан Дарабаев «Оқжетпеспен» қоштасты
Тәжірибелі жартылай қорғаушының келісімшарты аяқталды
Футбол
Әлім Динасылов
Редактор
ФОТО: ФК «Окжетпес»
Аслан Дарабаев «Оқжетпеспен» келісімшарты аяқталған соң клубтан ресми түрде кетті. Бұл туралы Көкшетау клубы Instagram парақшасында мәлімдеді:
«Жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев командамен келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты қоштасты. Ол «Оқжетпес» сапында 12 матч өткізіп, командамыздың жеңістеріне айтарлықтай үлес қосты»
36 жастағы Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы клубқа 2025 жылдың ақпан айында қосылған болатын. Маусым басталғалы бері ол 12 ойында алаңға шығып, бір нәтижелі пас берді.
Қайрат Нұрдәулетов — енді «Оқжетпестің» жаңа бас бапкері.