locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Артета «Арсеналдың» көшбасшысының құрамға жақын арада оралатынын жариялады

Кай Хаверц шын мәнінде бабына келіп, жақын арада ойнауға дайын болады
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Артета «Арсеналдың» көшбасшысының құрамға жақын арада оралатынын жариялады
ФОТО: Getty Images

Биылғы маусымда «Арсенал» жарақаттарға жиі тап болды, алайда «канонирлердің» лазареті біртіндеп босап, маңызды ойыншылар қатарға оралуда.

Солтүстік Лондондық команданың бас бапкері Микель Артета өткен аптада жаттығуға оралған шабуылшы Кай Хаверцтің бабына келуге жақын екенін және өте жақын арада алаңға шыға алатынын айтты.

«Меніңше, бұл бірнеше күннің немесе аптаның ғана мәселесі. Келесі кезеңде Хаверцтің қалай жауап қайтаратынын көреміз. Бұл – бізге қатты жетіспеген ойыншы, команда деңгейін мүлде басқа деңгейге көтере алатын футболшы. Сондықтан оның жақында оралатынына өте қуаныштымын», – деді Артета.

Хаверц тамыз айынан бері тізе жарақатынан кейін лазаретте болды. Артетаның таңдауы үшін әзірге қорғаушылар Габриэль Магальяс, Кристиан Москера және Бен Уайт қолжетімсіз болып қала бермек.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie