locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Артқа басқан қадам». Зайнутдиновтың алғашқы бапкері оның РПЛ-ға оралуына баға берді

Устабаев Бахтиерге «Динамоға» ауысу арқылы жаңа мүмкіндік берілуі мүмкін екенін айтады
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
«Артқа басқан қадам». Зайнутдиновтың алғашқы бапкері оның РПЛ-ға оралуына баға берді
ФОТО: Getty Images

Бахтиер Зайнутдиновтың алғашқы жаттықтырушысы Рахмон Устабаев BorodAbata.kz порталына берген сұхбатында шәкіртіне қатысты трансферлік жағдайға пікір білдірді.

«Ресейге оралу — бұл, әрине, артқа қадам. Түркия мен Ресей чемпионаттарының айырмашылығы үлкен: түрік лигасы мықтырақ, топ-клубтардың құрамы да күшті, ойын деңгейі жоғары. Ресей клубтары қазір еурокубоктерде ойнамайды, сол себепті қарқыны мен бәсекесі де өзгеше», — деді Устабаев.

Соған қарамастан, маман РПЛ-ды өткел кезең ретінде қарастыруға болатынын жеткізді:

«Бахтиерде бір мүмкіндік бар: егер ол «Динамомен» келісімшартқа отырса, Карпин оны емдеп, қалпына келтіруге уәде берген. Ал егер Еуропадан ұсыныстар түссе — жібереді. Қазір ойыншыларды оңайлықпен бере салмайды, олар үшін ақша төлеу керек. Бірақ Бахтиер мықты чемпионатта қайта ойнап, ұлттық құрамада да жоғары деңгейде өнер көрсетуді қалайды. Барлығы Алланың қолында — көре жатармыз», — деді ол.

Айта кетейік, ресейлік басылымдар «Динамо» клубы Бахтиер үшін 2,5 миллион еуро төлеуге дайын екенін жазған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie