locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Арсеналдың» бес ойыншысы қатардан шықты: ұлттық құрамадағы жарақаттар лондондықтардың чемпиондық амбициясына кері әсер етпек

Халықаралық үзілістегі шығындар клубтың кадрлық мәселелерін ушықтыра түсті
«Арсеналдың» бес ойыншысы қатардан шықты: ұлттық құрамадағы жарақаттар лондондықтардың чемпиондық амбициясына кері әсер етпек
ФОТО: gettyimages.com

«Арсенал» жартылай қорғаушысы Мартин Субименди Испания құрамасының лагерін тастап кетті.

Бастапқыда ол «Ла Роха» сапында Мысырмен өтетін жолдастық кездесуге қатысады деп күтілген еді.

Алайда, 29 наурыз күні Испания футбол федерациясы ресми түрде 27 жастағы ойыншының құрама сапынан шығарылғанын жариялады.

Ресми хабарламада Субимендидің оң тізесінде жайсыздық сезініп жүргені айтылған. Ойыншының жағдайын қиындатып алмау және оның денсаулығын сақтау мақсатында, бапкерлер мен медицина қызметкерлері оны құрамаға тіркемеуді жөн көрген. Бұл туралы «Арсеналдың» медициналық штабына да хабар берілген.

Осылайша, халықаралық үзіліс кезінде жарақат алған лондондық клуб ойыншыларының тізіміне Субименди де қосылды. Бұған дейін Англия құрамасынан Деклан Райс, Букайо Сака және Нони Мадуэке қатардан шығып қалған, ал Эквадор құрамасының қорғаушысы Пьеро Инкапье де ұлттық құрама лагерін мерзімінен бұрын тастап кетті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie