«Арсенал» – «Астон Вилла». 31 желтоқсан. Онлайн қарау. Тікелей трансляция
«Арсенал» АПЛ-дің 19-турында «Астон Вилланы» қабылдайды — көшбасшылар мен рекордшылар текетіресі
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
30-нан 31 желтоқсанға қараған түні Англия Премьер-лигасының 19-турында «Арсенал» мен «Астон Вилла» алаңға шығады.
Ойын Лондонда, «Эмирейтс» стадионында өтеді. Бас төреші ретінде Даррен Инглэнд тағайындалды. Кездесу Қазақстан уақытымен 01:15-да басталады және тікелей эфирде Setanta Sports телеарнасынан көрсетіледі.
- Матчтың ең қызықты сәттерін Telegram-дағы live режимінде тамашалай аласыз Sports24.kz!
Бұл ойын нағыз шоу болмақ: «канонирлер» 18 турдан кейін 42 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр, ал бирмингемдік ұжым 39 ұпаймен үшінші орында, әрі қатарынан 11 жеңіспен клубтық рекорд орнатып отыр.