locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Арсенал» адасқан перзентін қайта шақырды: Эзе енді қайтадан қызыл-ақ түсте

Эзе Арсенал ойыншысы
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Арсенал» адасқан перзентін қайта шақырды: Эзе енді қайтадан қызыл-ақ түсте
ФОТО: ФК Арсенал

Лондонның «Арсеналы» көпшілікке жаңа ойыншысын таныстырды – Эберечи Эзе қайта оралды. Бір кезде академиядағы тәлімгерлер оның әлеуетін бағаламай, клубтан жіберген еді. Алайда футболшы өз атын өзге ұжымдарда дәлелдеп шықты. Енді тағдыр айналып соғып, «Арсенал» 27 жастағы жартылай қорғаушы үшін 65 миллион фунт төледі, үстіне тағы 7,5 миллион фунт бонус қосып, бес жылдық келісімшартқа қол қойды.

Эзенің жолы оңай болған жоқ: ол «Куинз Парк Рейнджерс» сапында жылдың үздік ойыншысы атанды, кейін бес маусым бойы «Кристал Пэласта» шабуылдың басты символына айналды. Дәл осы клубта ол «Манчестер Ситиге» қарсы Англия кубогының финалында жеңісті голын соғып, атына алтын әріптермен жаздырды.

Тағы бір қызық жайт – осыдан бірнеше күн бұрын оны «Тоттенхэм» ойыншысы атанады деген сыбыстар барлық жерде еді. Бірақ Эзе ойынан айнып, Лондонның солтүстігіндегі қызыл түсті таңдады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie