Арсен СИУКАЕВ: \"Шынымды айтсам, қазір менде команда жоқ\" – қақпашы 2025 жылғы болашағы туралы
"Жетісудің" бұрынғы қақпашысы Арсен Сиукаев 2025 жылғы маусымдағы жоспарлары мен қазіргі жағдайы туралы деп, хабарлады Legalbet.kz.
Ол әзірге клубсыз жүргенін және Қазақстаннан ұсыныстар түспегенін мойындады.
- "Шынымды айтсам, қазір менде команда жоқ. Қазақстанда да ешқандай ұсыныстар болған жоқ. Жаңа жылға дейін "Қайратқа" ауысуым мүмкін деген әңгімелер тарады, бірақ маған ол жақтан ешкім хабарласқан жоқ. Бұл ақпарат қайдан шыққанын білмеймін", – деді 28 жастағы қақпашы.
Сиукаев – Краснодардың "Кубань" клубының түлегі, мансабының басым бөлігін Ресей мен Арменияда өткізген. 2023 жылы Қазақстанға келіп, алдымен "Ақсу" сапында алты ойынға қатысты, кейін "Жетісуға" ауысты. 2024 жылғы маусымда ол 25 ойын өткізіп, соның 9-ында қақпасын голдан аман сақтап қалды.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Жуков мансабын Еуропада жалғастырады