Аргентинаға қарсы ойнай алады ма? Соңғы матчтағы соқтығысудан кейін Алиссонның тағдыры белгілі болды
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Бразилия құрамасының қақпашысы Алиссон Бекер Колумбияға қарсы ойынның (2:1) екінші таймында миы шайқалған деген күдікке байланысты алаңды тастап кетуге мәжбүр болды.
Матчтың екінші жартысында колумбиялық орталық қорғаушы Давинсон Санчеспен соқтығысып, көп ұзамай ауыстырылды.
“Ливерпуль” қақпашысы енді Аргентинаға қарсы келесі іріктеу ойынына қатыса алмайды. Алиссон медициналық тексеруден өту үшін Мерсисайдқа оралады. “Қызылдардың” бас бапкері Арне Слот 2 сәуірде “Эвертонға” қарсы мерсисайдтық дербиге қатыса алады деп үміттенеді.
Бұл матчта тағы бір ерекше жағдай орын алғанын айта кеткен жөн - “селесао” құрамында алаңға 7 жаңа ойыншы шықты.