locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Арда Туран «Шахтердың» жаңа бапкері атанады

Фабрицио Романо түрік маманның тағайындалуын растады
Футбол
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Арда Туран «Шахтердың» жаңа бапкері атанады
ФОТО: Getty Images

Танымал инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, 38 жастағы Арда Туран жақын күндері Украинаның «Шахтер» клубының бас бапкері атанады.

Келісім толықтай жасалып қойған. Келісімшарт 2027 жылдың маусымына дейін есептелген. Туранның жалақысы – жылына 2 миллион еуро болады деп күтілуде.

Ол бұл қызметке хорват Марино Пушичтің орнына келмек. Туран 2023 жылдың сәуірінен бері Түркия чемпионатында өнер көрсететін «Эюпспор» клубын жаттықтырып келеді. Қазіргі таңда команда турнир кестесінде 6-орында.

Арда Туран ойыншы ретінде «Галатасарай», «Атлетико Мадрид» және «Барселона» сынды клубтарда өнер көрсеткен.

Айта кетейік, Кевин Де Брюйне қазіргі таңда «Наполи» мен АҚШ-тың MLS лигасындағы «Чикаго Файр» клубының ұсыныстарын қарастырып жатыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie