locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қарағандыдағы голға толы тартысты ойын. «Каспий» сырт алаңда басты қарсыласын тізе бүктірді

Көш басындағы дерби: «Каспий» Қарағандыдан ерлікпен үш ұпай алып қайтты
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қарағандыдағы голға толы тартысты ойын. «Каспий» сырт алаңда басты қарсыласын тізе бүктірді
ФОТО: birinshiliga

Қазақстан Бірінші лигасының 13-турындағы басты матчтардың бірі Қарағандыда өтті. «Шахтер» мен Ақтаудың «Каспий» командасы арасындағы кездесу 11 шілдеде өтіп, жанкүйерлерге тартысқа толы әсерлі футбол сыйлады. Қонақтар ерік-жігер танытып, ойын соңында жеңісті жұлып алды - 3:2.

Ақтаулықтар ойынды сенімді бастады. Алдымен Қожамберды есеп ашса, екінші таймда Қабылан басымдықты еселеді. Алайда алаң иелері берілуге ниет танытпады. Нүсіп 11 метрлік айып добын дәл орындап, есеп айырмасын қысқартты. Матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Байтана пенальтиден тағы бір гол соғып, «Каспийді» алға жетеледі. Десе де, қосымша уақытта Рудосельскийдің дәл соққысы есепті 2:3-ке жеткізді.

Бірінші лига. 13-тур

«Шахтер» (Қарағанды) — «Каспий» (Ақтау) — 2:3 (0:1)

Голдар: Қожамберды, 20 (0:1); Қабылан, 66 (0:2); Нүсіп(пен.), 72 (1:2); Байтана (пен.), 87 (1:3);
Рудосельский, 90+4 (2:3)

Бұл жеңіс «Каспийге» турнирлік кестеде көшбасшылықты нығайтуға мүмкіндік берді - команданың еншісінде 34 ұпай. Ал қарағандылықтар 26 ұпаймен үшінші орында тұр.

Айта кетейік, осы турда алматылық «Қайрат-Жастар» командасы «Түркістанды» ірі есеппен тізе бүктірді. Исмаил Болат хет-трик авторы атанып, кездесудің басты кейіпкеріне айналды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie