АПЛ жалақы шегін енгізуге дауыс береді. Қарсы шыққандар белгілі
АПЛ клубтарының ірі трансферлері аясында өзге лигалар ағылшын футболының қаржылық артықшылығына ерекше назар аударып отыр. Бұл жағдайды Англияның өзінде де ескеріп, белгілі бір шектеулер енгізуге дайын.
The Times басылымының хабарлауынша, АПЛ-де жалақы шегін енгізу бойынша дауыс беру өтеді деп күтілуде. Бұл шек былай есептеледі: Премьер-лигада телехақы мен жүлдеақыдан ең аз табыс тапқан клубтың сомасынан бес есе артық болмайды.
2023-2024 маусымындағы соңғы қолжетімді деректерге сүйенсек, бұл шек шамамен жарты миллион фунттан сәл ғана асады. "Манчестер Сити" мен "Манчестер Юнайтед" секілді клубтар бұл ұсынысқа қарсы, себебі ол олардың Еуропадағы бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етуі мүмкін деп санайды.
Әзірге ешбір ұлттық лига жалақы шегін енгізбеген, алайда мұндай жүйе Чемпиондар лигасында бар: клубтар табысының 70%-нан артығын жалақыға жұмсай алмайды. Бұған дейін АПЛ-де байқалып отырған қауіпті үрдіс жайлы да айтылған болатын.