locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

АПЛ клубтарының трансферлік нысанасы «Спортингпен» жаңа келісімшарт жасасты, онда клаусула бар

Енді Усман Диоманде үшін 80 млн еуро төлеу керек
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
АПЛ клубтарының трансферлік нысанасы «Спортингпен» жаңа келісімшарт жасасты, онда клаусула бар
ФОТО: x.com/afroballers

Ағылшын Премьер-лигасы клубтарының трансферлік нысанасына айналған Усман Диоманде «Спортингпен» жаңа келісімшартқа қол қойды.

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, ивуарлық қорғаушының командамен жаңа келісімі үш жылға жасалады.

Португалиялық Record басылымы хабарлағандай, шығу клаусуласының сомасы 80 миллион еуроны құрайды.

Бұған дейін 22 жастағы дарынды қорғаушыға АПЛ-дың екі клубы – «Челси» мен «Арсенал» қызығушылық танытқаны хабарланған.

Ағымдағы маусымда Диоманде барлық турнирде 12 матч өткізді. Маусымның көп бөлігін африкалық футболшы жарақатына байланысты өткізіп алды.

Сондай-ақ бұған дейін аңызға айналған Тиагу Силва «Челси» клубына қайта оралуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie