АПЛ аңызы ресми МЛС-ке ауысады
LAFC мен «Тоттенхэм» оңтүстіккореялық шабуылшының трансфері бойынша келісімге келді
Футбол
Темірбеков Самрат
Журналист
ФОТО: Instagram:hm_son7
Фабрицио Романоның мәліметінше, Сон Хын Мин Лос-Анджелестің LAFC клубының ұсынысын қабылдады және енді «Тоттенхэммен» бірге Лондонға оралмайды.
LAFC клубы «Тоттенхэммен» Сон Хын Миннің трансфері бойынша ауызша келісімге келді. Футбол инсайдері Фабрицио Романо хабарлағандай, қазір тараптар ресми құжаттарды рәсімдеуге кірісуде. Лондондық клуб бұл келісімнен 15 миллион еуродан астам қаржы алуы мүмкін.
Сон Хын Мин LAFC ұсынысын қабылдап, жаңа келісімшарттың шарттарын мақұлдады. Енді ол «шпорлармен» бірге Лондонға қайтпайды — қазіргі таңда келісім ресми түрде бекітілуін күтіп отыр.