locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Андрей Мартин баяғы командасының ойыншысын Ордабасыға сатып алады

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Андрей Мартин баяғы командасының ойыншысын Ордабасыға сатып алады
ФОТО: sport1.md

Бүгін таңертең “Ордабасы” 50 жастағы молдавиялық маман Андрей Мартинмен келісімшартқа отырғанын ресми түрде растады.

Андрей Мартин шымкенттік клубқа келгенге дейін “Петрокубта” жұмыс істеген, онымен “Ордабасы” Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде кездескен болатын.

Енді шымкенттік команданың капитандық көпіріне келген соң, Мартин ескі командасынан ойыншыларды тартуға тырысуда. Kazakh_football_inside телеграм каналының хабарлауынша, молдавиялық клубтың ойыншысы Виктор Мудрак мансабын “Ордабасыда” жалғастыруы мүмкін.

30 жастағы орталық қорғаушы “Петрокубтың” негізгі ойыншысы. Жақында Конференция лигасының шотландтық клуб “Хартсқа” қарсы матчында ол гол соғып, команда үшін тең нәтижеге қол жеткізді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie