Қандай тосынсыйлар бар? Алонсо «Реалдың» «Эльчемен» ойынына құрамды атады
Ойынның басталу ысқырығы Астана уақытымен 01:00-де естіледі
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
24 қарашаға қараған түні «Эльче» өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды.
«Бланкостың» бас бапкері Хаби Алонсо бұл кездесуге арналған старттық құрамды анықтап қойды.
Алонсоның командасы қазір Ла Лигада 31 ұпаймен екінші орында тұр, бірақ «Барселонадан» бір ойынға кем өткізген. Егер жеңіске жетсе, «корольдіктер» Испания чемпионатының көшбасшылығына қайта оралады.
Ойын Астана уақытымен 01:00-де басталады. Тікелей трансляцияны осында көруге болады.