locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Анчелотти – «Арсеналдан» жеңіліс туралы: Команда рухани тұрғыдан сынып, футбол жоғалды

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Анчелотти – «Арсеналдан» жеңіліс туралы: Команда рухани тұрғыдан сынып, футбол жоғалды
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти Лондонның «Арсеналына» қарсы Чемпиондар лигасының ширек финалының алғашқы матчында командасының 0:3 есебімен жеңілгеніне пікір білдірді.

«60-минутқа дейін бәрі бақылауда болды, бірақ кейін біз стандартты жағдайларда екі қателікке бой алдырдық және оның құнын өтедік. Екінші таймда моральдық күшіміз жетпей қалды. Бұл — ауыр жеңіліс. Әсіресе бірінші таймда жақсы ойнағанымызды ескерсек. Бірақ кейін команда бәсеңдеп, футбол жоғалды. Иә, біз рухани тұрғыдан сынып, қайта жинала алмадық. Бұған дейін қарқын, мотивация бар еді», - деді италиялық маман матчтан кейін.

Ойынның басты қаһарманы Деклан Райс болды - ол 58-ші және 70-ші минуттарда дубль авторы атанды. Ал 75-минутта Микель Мерино үшінші голды салып, матчтың нүктесін қойды.

Қарымта кездесу 17 сәуірге қараған түні Мадридте өтеді. Сол ойында жартылай финалға өтетін команда анықталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie