locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Альваро Мората Галатасарайға ауысуға жақын

Альваро Мората Галатасарайға ауысуға жақын
ФОТО: Getty images

“Милан” шабуылшысы Альваро Мората “Галатасарай” клубына ауысады, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо өз әлеуметтік желілерінде. Бұл келісімшарт жалға беру негізінде жасалады, оған бір жылға ұзарту мүмкіндігі және сатып алу құқығы қосылған.

Клубтар трансфер шарттарын келісіп қойды, енді 32 жастағы испандық футболшы барлық құжаттарды тексергеннен кейін Ыстамбұлға жол тартады.

Еске сала кетейік, Мората өткен жазда мадридтік “Атлетикодан” италиялық командаға ауысқан болатын. Биылғы маусымда ол барлық турнирлерде 25 матч өткізіп, 6 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, 2024 жылы Мората Испания ұлттық құрамасымен Еуропа чемпионы атанды.

Жылдамдықтың болмауы және ойыншылардың жарақаттары. Сульшер Бешікташтың Еуропа лигасынан ұшу себептерін атады

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie