Алты қазақстандық төреші 2026 жылдың бірінші жартысына арналған УЕФА тізіміне енді
Жыл соңында УЕФА маусымның екінші бөлігіне халықаралық санат берілген төрешілердің тізімін жаңартады. 19 желтоқсанда 2025/2026 маусымына арналған УЕФА санатындағы төрешілер тізімі жарияланды, оған қазақстандықтар да енді.
Төрт қазақстандық төреші УЕФА-ның екінші санатына ие болды: Арман Исмуратов, Саят Карабаев, Данияр Сахи және Булат Сариев. Соңғысы жуырда Конференция лигасының негізгі кезеңіндегі матчты басқарған болатын, ол үлкен даумен аяқталды, ал Исмуратов бұл тізімге алғаш рет енді.
Әйелдер арасында Қазақстанның жалғыз өкілі Татьяна Сорокопудова болып отыр. Ол маусымның алғашқы жартысының қорытындысы бойынша екінші санаттан бірінші санатқа көтерілді.
Ерлер арасында ең жоғары санатта – футзалдан УЕФА-ның бірінші санатына ие болған Аслан Галаев тұр.
Жалпы төрешілердің үш санаты бар: элит, бірінші және екінші. Элит санатындағы төрешілер УЕФА-ның барлық турнирлерін қадағалай алады.