Алматыдағы аншлаг пен Талдықорғандағы бос орындықтар – ҚПЛ-дің қарама-қарсы туры
Қазақстан Премьер-лигасының 26-тур аясында ел стадиондарын жалпы саны 52 600 көрермен тамашалады, бұл әр матчқа орта есеппен 7 514 адамнан келеді, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Турдың басты оқиғасына айналған «Қайрат» пен «Астана» арасындағы кездесу (1:1) – турдың орталық матчы 22 800 жанкүйерді жинап, осы турда ғана емес, маусымдағы ең рекордтық ойындардың бірі болды.
Турдың қарама-қарсы шетінде Талдықорғанда өткен матчта «Жетісу» «Қызылжарға» (0:1) есе жіберіп, трибунада небәрі 1 000 адам ғана жиналды.
Салыстыру үшін айта кетейік, бұған дейінгі рекорд 23-турға тиесілі – ол кезде 49 013 адам жиналып, орта есеппен әр матчқа 7 002 көрерменнен келген болатын.
Жалпы, биылғы маусым басталғалы Премьер-лига ойындарын 911 698 жанкүйер тамашалады, бұл орта есеппен бір ойынға 5 011 адамнан келеді – бұл көрсеткіш соңғы жылдардағы айтарлықтай өсімді көрсетеді.
ҚПЛ-дің 26-турындағы көрермендер саны:
«Қайрат» — «Астана» (1:1) — 22 800
«Ақтөбе» — «Ордабасы» (2:2) — 8 500
«Жеңіс» — «Қайсар» (2:2) — 8 500
«Елімай» — «Атырау» (3:2) — 8 000
«Ұлытау» — «Тобыл» (2:2) — 2 000
«Оқжетпес» — «Тұран» (4:3) — 1 800
«Жетісу» — «Қызылжар» (0:1) — 1 000
Чемпионат қорытындысы бойынша Алматының «Қайраты» қатарынан екінші жыл ел чемпионы атанды. Күміс жүлде «Астанаға», қола медальдар – «Тобылға» бұйырды. Төрттікті «Елімай» тұйықтады.
Келесі маусым тарихи болмақ: турнир тарихында алғаш рет чемпиондық үшін 16 клуб таласады, бұл ҚПЛ-ді бұрынғыдан да ауқымды әрі қызықты етеді.
Сондай-ақ Қазақстандық клубтар әлемдік рейтингтегі орындарын білді.