locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алмат Бекбаев: «Қызылжар» – алғашқы ойында фаворит, ал «Тобыл» барлығын үйде шешуге тырысады

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы ел кубогының жартылай финалы алдындағы болжамдарымен бөлісті
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Алмат Бекбаев: «Қызылжар» – алғашқы ойында фаворит, ал «Тобыл» барлығын үйде шешуге тырысады
ФОТО: fcqyzyljar Instagram парақшасы

Қазақстан ұлттық құрамасының экс-қақпашысы Алмат Бекбаев Sports24.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстан кубогының жартылай финалдық ойындарына қатысты өз пікірін білдірді.

– «Ордабасының» күнтізбесі қандай екені нақты белгісіз, бірақ Шымкент клубы Петропавлға толық құраммен бармауы мүмкін. Меніңше, «Қызылжарға» қарсы матч тең аяқталады немесе алаң иелері аз есеппен жеңіске жетеді, – деді Бекбаев.

Екінші жартылай финал жұбына қатысты Алмат Бекбаев «Тобыл» алғашқы ойында-ақ финалға шығуға мықты негіз қалап алуға тырысады деп санайды.

– Қостанайлықтар негізгі құрамды шығаруы мүмкін. Үйдегі кездесуде жеңіске жетуге бар күшін салады. Ал екінші ойынның тағдыры алғашқы матчтағы нәтижеге және команданың сол күнгі дайындығына байланысты болады, – деді ол.

Қазақстан кубогының жартылай финалдық кезеңі 25 маусым күні басталады. Күннің алғашқы ойынында «Қызылжар» мен «Ордабасы» Петропавлдағы «Қарасай» стадионында кездеседі. Басталуы – 18:00.

Одан кейін, сағат 20:00-де Қостанайдағы «Орталық» стадионда «Тобыл» мен елордалық «Жеңіс» арасындағы матч өтеді.

Ширек финал кезеңінде «Тобыл» Түркістанның «Тұран» клубын сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге өтті. Ал «Жеңіс» күтпеген жерден елордалық «Астананы» жарыс жолынан шығарды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie