Ғалымжан Кенжебекті Түркия Суперлигасының клубтары сатып алғысы келеді
22 жастағы жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебекке Түркия Суперлигасының клубтары қызығушылық білдіруде.
«Түркия клубтары қазақстандық таланттарға назар аудара бастады. Жас жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек екі Суперлига командасының трансферлік тізімінде тұр, бұл жаңа буын қазақстандық футболшыларының үлкен жетістіктерге дайын екенін көрсетеді», – деп жазады AS басылымы.
Сондай-ақ келесідей пікір қосылды:
«Егер Қазақстан осы құрылымды сақтаса, Орталық Азиядағы футбол алыбына айналуы мүмкін».
Шілде айында Кенжебек словактық «Кошице» клубынан семейлік «Елімай» командасына ауысты.
Осы уақыттан бері ол ҚПЛ-де 11 матч өткізіп, алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасының әлем чемпионаты-2026 іріктеу кездесуінде Лихтенштейнге қарсы ойында (4:0) екі гол соғып, бір нәтижелі паспен көзге түсті.