Ғалымжан Кенжебек өзі үлгә алатын ойыншыларын атады
Кипрдің “Акритас Хлоракас” клубы мен Қазақстан құрамасының вингері Ғалымжан Кенжебек өзі назар аударатын футболшылар туралы айтып берді.
“Кварацхелия, Неймар, Кокорин – олардың ойындарын ылғи бақылап жүрмін, бірақ ең сүйікті ойыншым – Месси. Жалпы, маған креативті футболшылар, ойлау жүйесі стандарттан тыс ойыншылар ұнайды, өйткені мен де сондай болғым келеді”, – деді Кенжебек Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұқбатында.
Қараша айында Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов 21 жастағы ойыншыны алғаш рет ұлттық құрамаға шақырды. Ол Ұлттар лигасының Аустрия мен Норвегияға қарсы матчтарына қатысу үшін шақырылған болатын. Ғалымжан құраманың сапындағы дебютін Аустрияға қарсы матчта (0:2) жасады.
Ағымдағы маусымда Кипр чемпионатының екінші дивизионында өнер көрсететін “Акритас Хлоракас” сапында Ғалымжан 13 матч өткізіп, төрт гол соғып, бір нәтижелі пас авторы атанды.
ИНСАЙД. Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді.
Футбол
Бүгін 14:16
Футбол
Бүгін 13:47