Ғалымжан Кенжебек Еуропалық клубпен келісімшарт жасады
Қазақстандық жартылай қорғаушы Ресей Премьер-Лигасында мансабын жалғастырады
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: KFF
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек Ресей Премьер-Лигасында мансабын жалғастырады, деп хабарлайды комментатор Ермұхамед Мәулен.
Дереккөздің мәліметінше, тараздық футбол мектебінің түлегі Грозныйдың «Ахмат» клубына ауысады. Жаңа командасында Кенжебек Станислав Черчесовтың жетекшілігімен өнер көрсетеді. Айта кетейік, шешендік ұжым сапында тағы бір қазақстандық футболшы — Максим Самородов та ойнайды. Осылайша, жақын арада «Ахматта» Қазақстан құрамасының бірден екі ойыншысы өнер көрсететін болады.
Ғалымжан Кенжебектің соңғы клубы семейлік «Елімай» болған. ҚПЛ-2025 маусымында жартылай қорғаушы 11 матч өткізіп, алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берген. Ол команда көшбасшыларының бірі атанды.