locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алексей Бага Ақтөбедегі кезеңін еске алды: Прожекторлар қосулы тұрған түн – менің ақтөбелік ақ түнім

Белоруссиялық маман Ақтөбедегі жұмысы, жанкүйерлердің қолдауы мен логистикалық қызықтар туралы айтты
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
Алексей Бага Ақтөбедегі кезеңін еске алды: Прожекторлар қосулы тұрған түн – менің ақтөбелік ақ түнім
ФОТО: ФК «Шахтер Солигорск»

Беларусьтің «БАТЭ» мен Литваның «Жальгирис» клубтарымен жетістікке жеткен, ал қазір отандастарымен бірге жаттықтыру саласында жүрген Алексей Бага BorodAbata.kz порталына берген сұхбатында Қазақстандағы «Ақтөбе» клубында жұмыс істеген уақытын ерекше жылылықпен еске алды.

— Алексей Анатольевич, сіз әрдайым «Ақтөбе» жайлы жылы пікір айтып жүресіз. Клубпен келісімге келгеніңізді алғаш білгенде қандай сезімде болдыңыз?
— «Ақтөбе» – тарихы бар, еурокубоктерде өнер көрсеткен, чемпион болған клуб. Бұл жерде Сергей Яскович, Андрей Лаврик сынды тәжірибелі белорустар да ойнаған. Белсенді жанкүйерлері мен әйгілі стадионы туралы көп естігенмін. Бұл – қызықты әрі жауапты шақырту болды. Бұл жай команда емес, нақты мақсат қойылған клуб болатын.

— Бұл сіздің бапкерлік мансабыңыздағы ең үлкен сынақ па еді?
—Толығымен олай дей алмаймын. «Жальгириске» көшу де мен үшін үлкен қадам болды. Олар үш жыл бойы чемпион атанбаған еді. Ал мен болсам БАТЭ-мен жақсы еурокубок маусымынан кейін барғанмын. Соңында біз алтын алдық. «Шахтер» (Солигорск) де осындай деңгейдегі клуб болды. Жалпы, әр елдің менталитеті мен тілі бөлек болғандықтан, мұндай жұмыс іссапар емес – нағыз емтихан. Сондықтан мен «Ақтөбені» де сол қатарға қоямын.

— «Ақтөбенің» жанкүйерлері туралы не айтасыз?
— Белорустардан және теледидардан көргендеріме қарағанда, жанкүйерлердің қолдауы ерекше. Өкінішке қарай, менің маусымым COVID-пен тұспа-тұс келді, сондықтан «Зига-Зага» әнін жанды дауыста ести алмадым. Бір рет ғана қатты қолдауды Таразда сездім. Тағы бір сәт – «Қызылжармен» матчта болды. Бірақ бұл – бөлек атмосфера.

— Ақтөбедегі логистикалық қызықтар жайлы айтып беріңізші.
— Алматыдан оралғаннан кейін базада тұрдық. Менің бөлмем алаңға қарап тұрды. Бір күні «Қобыландыда» жарық жүйесін тексеру керек болып, түнімен прожекторлар жанып тұрды. Өзімді ойын үстінде жүргендей сезіндім (күлді). Бұл менің ақтөбелік «ақ түнім» болды.

Тағы бір қызық – автобуспен ұзақ жол жүрген кезіміз. Бериктен сұрадым: «Егер көлік бұзылса не істейміз?» – деп. Ол: «Уайымдама – ішінде жататын орын бар, құлай саласың», – деді (күлді). Бұрын ондайды елестету қиын еді, бірақ дайын болдым. Ресейде де осындай жағдайлар болды. Бұл – мамандықтың бір бөлігі.

Мұндай сәттер ұжымды біріктіреді. Жолда бірге ән тыңдап, кітап оқып, әңгімелесіп, біте қайнасып кетесің. Бірақ прожекторлар – бөлек әңгіме (күлді). Таңғы 6-7-ге дейін өзімді ойында жүргендей сезіндім. Таңертең дәрігер мен администратор келіп, бірге кофе ішіп, жаттығуға дайындалатынбыз. Есте қалар сәттер.

Алексей Бага Қазақстанда бапкерлік жасаған кезеңін жылы лебізбен еске алады. Оның «Ақтөбеге» деген ықыласы мен жанкүйерлерге деген құрметі – еліміздің футболына деген шынайы көзқарасының дәлелі.

Роналду мансабын аяқтау туралы: Соңына таяп қалдым, бірақ әр сәттен ләззат аламын

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie