Александр Мартынович мансапты аяқтау туралы: барлығының өз уақыты бар
37 жастағы беларусьтік футболшы Александр Мартынович кәсіби мансабын аяқтау мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Championat.com.
Қазір ол қазақстандық «Қайрат» сапында өнер көрсетіп жүр, бұған дейін «Рубин», «Краснодар», «Урал» және Минскінің «Динамо» клубтарында ойнаған.
— Қайратпен келісімшартыңыз қыс мезгілінде аяқталады. Мансапты аяқтау туралы ой бар ма?
— Барлығының өз уақыты бар. Сіздер міндетті түрде естисіздер, уайымдамаңыздар (күледі). Қазір келісімшартым бар. Жаттығып, жұмыс істеп жүрмін — бәрі жақсы.
Айта кетейік, осы маусымда Мартынович «Қайрат» сапында 12 матч өткізіп, екі гол салып, бір нәтижелі пас берген.
«Эспаньол» қақпашысы Жоан Гарсия «Барселонаға» ауысу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.