Акмаль Бахтияров «Елімайға» ауысуы мүмкін - шабуылшы шілде айында қосылады
Форвард ресейлік «Волгарь» клубымен келісімшарты аяқталғаннан кейін Қазақстан чемпионатына оралуы ықтимал
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Сочи ФК
Ресейлік «Волгарь» командасының шабуылшысы Акмаль Бахтияров мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін.
BorodAbata.kz порталының мәліметінше, 27 жастағы қазақстандық футболшы Семейдің «Елімай» клубына шілде айында қосылады.
Қазіргі таңда ол астрахандық клубпен маусымның 30-на дейін келісімшартқа ие.
Бахтияров «Волгарь» сапына 2024 жылдың жазында келіп қосылған болатын. 2024/25 маусымында ол барлық турнирлерде 37 матч өткізіп, 5 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, 28 маусымда «Волгарь» Ресейдің Бірінші лигасына шығу үшін шешуші матчта «Челябинск» командасына қарсы алаңға шығады.