Аңызға айналған милан дербиі: негізгі құрамда кімдер өнер көрсетеді?
24 қарашада Италияның Серия А чемпионатының 12-турында «Интер» мен «Милан» арасындағы тарихи дерби өтеді.
Ойын Миландағы әйгілі «Сан-Сиро» («Джузеппе Меацца») стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 00:45-де басталады.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Командалардың бастапқы құрамдары:
«Интер»: Зоммер, Аканджи, Бастони, Аугусто, Димарко, Ачерби, Барелла, Чалханоглу, Сучич, Мартинес, Тюрам.
«Милан»: Меньян, Томори, Габбиа, Павлович, Бартезаги, Фофана, Модрич, Рабьо, Салемакерс, Пулишич, Леау.
Қазіргі таңда «Интер» 24 ұпаймен турнир кестесінде үшінші орынға орналасқан, ал «Милан» 22 ұпаймен бесінші орында тұр.
Алдыңғы турда «нерадзурри» өз алаңында «Лационы» 2:0 есебімен жеңген болса, «россонери» сырт алаңда «Пармаға» қарсы 2:2 тең ойын өткізді.