locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайсар» трансферлік нарықта бомба дайындап жатыр. Нысанада – «Астананың» бұрынғы ойыншысы мен «Қайраттың» көшбасшысы

Жаңа сыпырғы – жаңа тәртіп
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
«Қайсар» трансферлік нарықта бомба дайындап жатыр. Нысанада – «Астананың» бұрынғы ойыншысы мен «Қайраттың» көшбасшысы
ФОТО: «Кайсар»

Жуырда «Қайсар» Қазақстанда бірінші болып жекешелендірілген клуб атанды – кәсіпкер Исламғали Қозбақов жеке меншік иесі болды. Енді ол Қызылордаға айқайлы трансферлермен кәсіби футболға серпін беруге әзір.

Kazakh_football_inside Telegram-арнасының хабарлауынша, «Қайсардың» назарына іліккен легионерлер қатарында қазақстандық жанкүйерлерге «Астана» сапындағы ойындарымен жақсы таныс Патрик Твумаси, сондай-ақ «Қайраттың» көшбасшысы, Түркия Суперлигасының клубтарына да қызықты Валерий Громыко бар.

Сондай-ақ, қызылордалықтар словениялық «Олимпия» командасының жартылай қорғаушысы Диогу Пинтуға да қызығушылық танытты. Шетелдік футболшыларға назардың артуына қазақстандық ойыншылардың жалақысының тым қымбат болуы себеп болып отыр.

Бұған дейін Қозбақов мәлімдегендей, командаға шақырылатын легионерлер қазіргі ойыншылардан деңгейі әлдеқайда жоғары болады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie