locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайратты» жеңіп, жақсы ойын көрсеткіміз келеді» – «Слован» ойыншысы маңызды матч алдында

Юрий Медведев қазақстандық клубты жоғары бағалап, ЧЛ кездесуінен үміт күтеді
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
«Қайратты» жеңіп, жақсы ойын көрсеткіміз келеді» – «Слован» ойыншысы маңызды матч алдында
ФОТО: Getty Images

Братиславалық «Слован» клубының қорғаушысы әрі Ақтөбе өңірінің тумасы Юрий Медведев BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы матч туралы пікір білдірді. Ол алматылық клубтың мықты қарсылас екенін мойындап, келесі кезеңге өтуге ниетті екенін айтты.

«Қайрат» – үлкен команда, мықты қарсылас. Жақсы ойыншылар бар, матчтан күтеріміз көп. Бәріміз ойынға дайындалып жатырмыз, жақсы әрі сапалы футбол көрсетіп, «Қайраттан» өтіп, плей-офф кезеңіне өткіміз келеді», – деді Медведев.

Сондай-ақ, ол Қазақстан футболын бақылап отыратынын, әсіресе «Ақтөбе» клубының ойындарын жиі қарайтынын атап өтті.

«Қайрат» пен «Слован» арасындағы алғашқы ойын 6 тамызда Алматыда өтеді. Қайтар матч 12 тамыз күні Братиславада болады. Жеңген команда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Селтикпен» ойнайды, жеңілгені – Еуропа лигасында «Янг Бойзға» қарсы шығады.

«Көп гол соғады. Бізге қарсы қалай ойнайтынын көрерміз»: «Слован» қорғаушысы Сәтпаев туралы.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie