locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» жалпы кезеңде Чемпиондар лигасында соңғы 36-орынға түсіп қалды

Алматылық клуб бір ұпаймен турнир кестесінің ең төменгі сатысына түсті — «Аякс» жеңісінен кейін
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
ФОТО: Getty images

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы ойын аптасының қорытындысы бойынша турнир кестесінде соңғы, 36-орынға түсіп қалды.

Бұл жағдай Нидерландының «Аякс» клубы Бакуде «Қарабақты» 4:2 есебімен жеңіп шыққаннан кейін және бір ұпайы бар «Вильярреалдың» «Копенгагенге» 2:3 есебімен ұтылуына қарамастан орын алды.

«Қайраттан» бөлек, Чемпиондар лигасындағы тағы бір дебютант — норвегиялық «Буде-Глимт», сондай-ақ прагалық «Славия» мен испаниялық «Вильярреал» да алты турдан кейін жалпы кезеңде жеңіссіз келеді. Басқа командалардың нәтижесіне қарамастан, «Қайрат» алтыншы тур қорытындысы бойынша кестенің соңғы орнынан жоғары көтеріле алмайды. Соған қарамастан, «сары-қаралар» плей-оффқа шығу мүмкіндігін әлі де таза математикалық тұрғыда сақтап отыр.

Алматылықтар соңғы турда өз алаңында «Олимпиакосқа» қарсы ойнап, 0:1 есебімен жеңілді.

Жалпы кезеңнің қалған екі ойынында «Қайрат» 20 қаңтарда «Брюгге» командасын өз алаңында қабылдайды, ал 26 қаңтар күні Лондонда «Арсеналға» қонаққа барады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie