«Қайрат» қорғаушысына ФНЛ клубы қызығушылық танытып отыр
«Волга» Лев Кургинді сатып алғысы келеді
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: ФК Қайрат
«Волга» футбол клубы «Қайраттың» 23 жастағы қорғаушысы Лев Кургинді сатып алғысы келеді, деп хабарлайды «ФНЛ с Ильевым» Telegram арнасы.
Клуб «Қайратқа» да, футболшының өзіне де ұсыныс жасап қойғаны хабарланды. Кургин трансферге келісіп қойды.
23 жастағы қорғаушы «Қайрат» сапында барлығы 50 ойын өткізіп, жеті нәтижелі пас берді. Биылғы маусымда ол алаңда тек 41 минут ойнады.
Ульяновск «Волгасы» өткен маусымда Екінші лиганың А дивизионының «Золото» тобында екінші орын алып, ФНЛ-ға оралды.
«Қайрат» белсенді трансферлік науқанын жалғастыруда - алматылық клуб бразилиялық шабуылшы Рикардиньоны сатып алды.