«Қайрат» ойыншылары қайда кетті?» — Алтай Даумов Қазахстан құрамасының ЧМ-2026 іріктеуіне арналған тізіміндегі күтпеген жайттар туралы
Белгілі спорт функционері және ҚФФ президенті лауазымына бұрын үміткер болған Алтай Даумов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойындарына арналған Қазақстан құрамасының соңғы тізіміне пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
Даумовтың айтуынша, басты тосынсый Динмұхаммед Қашкеннің шақырылуы емес, алматылық «Қайрат» футболшыларының мүлде болмауы болған.
«Құрамдағы ең үлкен таңданыс тудырған жайт — Қашкеннің шақырылуы емес, керісінше бірде-бір „Қайрат“ ойыншысының болмауы. Барлық футболшы бір мезетте жарақат алды дегенге сену қиын. Мүмкін, алдағы ойындарда олардың ешқайсысы алаңға шықпайтын да шығар», — деді маман.
Қазан айында Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізеді: 10 қазан — өз алаңында Лихтенштейн құрамасына қарсы,13 қазан — сырт алаңда Солтүстік Македониямен кездесу.
Сондай-ақ Алтай Даумов «Қайрат» – «Реал» матчы төңірегіндегі ажиотажды сынға алды.