Қайрат Нұрдаулетов: Көкшетау футболын одан әрі дамытамыз
«Оқжетпес» бас бапкері «Қайсарға» қарсы ойын туралы пікір білдірді
Футбол
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: ФК «Жетысу»
Қазақстан Премьер-лигасының 15-турында «Қайсарды» 4:2 есебімен жеңген «Оқжетпес» командасының бас бапкері Қайрат Нұрдаулетов матч қорытындысы бойынша пікір білдірді.
«Жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын! Тамаша ойын болды, жанкүйерлерге ұнағанына сенімдімін – көп гол соғылды. Осы командаға келгеніме қуаныштымын. Менің ойымша, біз Көкшетаудағы футболды әрі қарай дамытып, биікке көтере береміз. Жігіттерге үлкен рахмет! Бүгінгі ойында біз толықтай тапсырманы орындадық деп есептеймін», – деді Нұрдаулетов.
15 турдан кейін 24 ұпайы бар «Оқжетпес» Қазақстан Премьер-лигасында алтыншы орында келеді.
«Ойыншыларға ашық айттым». Қайрат Нұрдәулетов «Оқжетпестегі» мақсаттары жайлы.