«Қайрат» форварды қатарға оралуға жақын
Жоао Пауло ауыр жарақаттан кейін қалпына келіп жатыр
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: jpaullo инстаграм парақшасынан
Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Жоао Пауло клуб базасында оңалту жаттығуларын жалғастыруда.
Команданың физиотерапевті Тиаго Пинто 37 жастағы бразилиялық ойыншымен жеке жаттығу видеосын жариялап:
«Күн сайынғы дамуы. Жақында бұрынғыдан да мықты болып ораласың!» – деп жазды.
КПЛ-2025 маусымында форвард небәрі төрт ойынға қатысып, бір ғана гол соқты. Сәуір айында ол ауыр жарақат алып, тізесінің айқаспа сіңірлері үзілді, маусымда ота жасалды. Ал өткен чемпионатта Жоао Пауло «Қайраттың» негізгі ойыншыларының бірі болып, 24 кездесуде 10 гол соғып, екі нәтижелі пас берген еді.