locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қайрат Боранбаев Дастан Сәтпаев алматылық ойыншылардың жоғары деңгейін атап өткенін айтты

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қайрат Боранбаев Дастан Сәтпаев алматылық ойыншылардың жоғары деңгейін атап өткенін айтты
Фото: Қайрат ФК

“Қайрат” Байқау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Алматы клубының “Челсиге” тиесілі жас шабуылшысы Дастан Сәтпаевпен болған әңгімесі туралы бөлісті.

“Дастан “Челси” жастар командасында шамамен үш апта жаттықты. Ол маған Лондон клубының академиясындағы футболшылардан алматылық жігіттердің деңгейі жоғары екенін айтты”, – деді Боранбаев.

Айта кетейік, 16 жастағы Дастан Сәтпаев ағылшын алпауытымен келісімшартқа қол қойды. Құжат 2026 жылдың жазынан бастап күшіне енеді. Сол уақытқа дейін жас талант “Қайрат” сапында өнер көрсетіп, тәжірибе жинақтайды.

Ең қызығы, Дастан “Челси” академиясындағы бір кездесуде хет-трик жасап, клуб басшылығын таңғалдырған болатын. Бұл оның әлеуетінің жоғары екенін тағы бір дәлелдеді. Қазақстандық жас шабуылшының таланты мен еңбекқорлығы оған әлемдік деңгейде танылуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бұған дейін “Қайрат” командасы жартылай қорғаушысымен келісімшарт мерзімін ұзартқаны белгілі болған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie