locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ағылшын және неміс топ-клубтары Барселонаның жартылай қорғаушысына қызығушылық танытуда

Даниэль Ольмоға сұраныс артуда
Футбол
Александр Шарадкин
Александр Шарадкин
Ағылшын және неміс топ-клубтары Барселонаның жартылай қорғаушысына қызығушылық танытуда
Twitter. Дани Ольмо

Каталондық “Барселона” 2024/25 маусымының екінші жартысына 26 жастағы жартылай қорғаушы Даниэль Ольмоны уақтылы тіркей алмағандықтан, оған бірнеше ірі еуропалық клубтар қызығушылық танытуда деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Басылым мәліметіне сәйкес, Ольмоны өз сапына қосуды көздейтін ағылшын клубтары: “Арсенал”, “Ливерпуль”, “Манчестер Юнайтед”, “Манчестер Сити”, “Челси” және “Тоттенхэм”. Сондай-ақ неміс клубтары: “Бавария” мен леверкузендік “Байер”. Бұған қоса, өткен жазда “Барселонаға” ауысқан жартылай қорғаушыны қайтаруға “РБ Лейпциг” те қарсы емес.

Ағымдағы маусымда Дани Ольмо “Барселона” сапында 15 матч өткізіп, алты гол соқты және бір нәтижелі пас авторы атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie