locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ағылшын Премьер-лигасындағы жаңа рекорд: Вирц «Ливерпульдің» ең қымбат трансферіне айналды

АПЛ-дың ең қымбат жаңа ойыншысы: Вирц «Ливерпульге» 125 млн еуроға ауысты
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Ағылшын Премьер-лигасындағы жаңа рекорд: Вирц «Ливерпульдің» ең қымбат трансферіне айналды
ФОТО: Getty images

Неміс футболының жарық жұлдызы Флориан Вирц ресми түрде Леверкузеннің «Байер» клубынан «Ливерпульге» ауысты. Transfermarkt порталының дерегінше, трансфер сомасы 125 миллион еуроны құрайды - бұл АПЛ тарихындағы ең қымбат кіріс трансфері ретінде тіркелді.

Бұған дейін бұл атақ аргентиналық Энцо Фернандеске тиесілі болған еді. 2023 жылдың қаңтарында «Челси» оны «Бенфикадан» 121 миллион еуроға сатып алған болатын. Алайда енді бұл рекорд жаңарып отыр, ал Вирцтің есімі Еуропа футболының алдыңғы шебіне шықты.

Үздік үштікке Джек Грилиш те кіреді. Ол 2021 жылы «Астон Вилладан» «Манчестер Ситиге» 117,5 миллион еуроға ауысқан болатын.

Вирц «Ливерпульмен» 2030 жылға дейін есептелген бес жылдық келісімшартқа қол қойды. Бұған дейін ол «Байер» сапында 197 матч өткізіп, 57 голдың авторы атанған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie