locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ағылшын лига кубогының барлық жартылай финал жұптары анықталды

«Арсенал» пенальти сериясында «Кристал Пэлас»-ты ұтып, келесі кезеңге жолдама алды
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Ағылшын лига кубогының барлық жартылай финал жұптары анықталды
ФОТО: Getty Images

Ағылшын лига кубогының барлық жартылай финал жұптары анықталды.

«Арсенал» ұзаққа созылған пенальти сериясында «Кристал Пэлас»-ты тізе бүктіріп, турнирдің жартылай финалына соңғы болып жолдама иеленді.

Финалға жолдама алу үшін Микель Артета шәкірттері Лондон дербиінде «Челсимен» күш сынасады. Бұл кезеңде командалар екі ойын өткізеді. «Арсенал» мен «Челси» арасындағы матчтар 14 қаңтар мен 3 ақпанда өтеді.

Екінші жартылай финалдық жұпта финал үшін «Манчестер Сити» мен «Ньюкасл» таласады. Бұл командалар 13 қаңтар мен 3 ақпанда кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie