locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жәнібек Әлімханұлы Канелоны жекпе-жекке шақырып, ықтимал айқастың күнін атады

Қазақстандық боксшы жаңа салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеуді жеңіп алған соң әлемдік бокстың басты жұлдыздарының бірімен кездескісі келеді.
Бокс
Жәнібек Әлімханұлы Канелоны жекпе-жекке шақырып, ықтимал айқастың күнін атады
Фото: WBO

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 2027 жылы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен чемпиондық белбеулерді біріктіру жекпе-жегін өткізгісі келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық боксшы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Канело мен Кристиан Мбилли арасындағы алдағы жекпе-жектің афишасын жариялап, келесі жылға арналған жоспарын жеткізді.

«Қаңтарда екінші орта салмақтағы чемпиондық титулдың иегері атанамын. Мамырда осы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасып, титулдарды біріктіргім келеді», — деп жазды Әлімханұлы.

Осылайша, мексикалық боксшы Мбиллиді жеңген жағдайда, қазақстандық боксшы Альвареспен 2027 жылдың мамыр айында кездесуді жоспарлап отыр.

Алайда алдымен Жәнібектің өзі чемпиондық белбеуді жеңіп алуы керек. Оның жеңіліп көрмеген датиялық Якоб Банкке қарсы жекпе-жегі 23 қаңтарға жоспарланған. Кездесу Хорсенсте (Дания) өтеді, ал жекпе-жекте екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша бос тұрған әлем чемпионы титулы сарапқа салынады.

Ал Канело 31 қазанда WBC нұсқасы бойынша қазіргі чемпион Кристиан Мбиллиге қарсы рингке шығады. Жекпе-жек Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді.

Айта кетейік, Әлімханұлы бұған дейін чемпиондық белбеулерге ие болған орта салмақта өнер көрсеткен. Енді қазақстандық боксшы жаңа салмақ дәрежесін бағындырып, Қазақстанның кәсіпқой боксы тарихындағы ең айтулы жекпе-жектердің бірін өткізу мүмкіндігіне ие болуды көздеп отыр.

Сонымен қатар Әлімханұлы мен Канело арасындағы жекпе-жекке қатысты әзірге ресми келісім жоқ.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie