locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Айымбетов қайта оралуға дайын: агент келіссөздер туралы айтты

Қазақстандық шабуылшы әдеттегі чемпионаттардан тыс жерде мансабын жалғастыруы мүмкін – келіссөздер бірнеше бағытта жүргізіліп жатыр
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Айымбетов қайта оралуға дайын: агент келіссөздер туралы айтты
ФОТО: ҚФФ

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовтың өкілі Траян Гергишан футболшының келесі мансаптық кезеңіне қатысты жағдайға пікір білдірді.

Агенттің айтуынша, ойыншының алдында бірнеше ықтимал нұсқа бар, алайда түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.

«Біз әртүрлі сценарийлерді қарастырып жатырмыз. Қазір ең қолайлы нұсқаны таңдау маңызды, уақыт өте келе Абат қайда жалғастыратыны белгілі болады. Клубтар тарапынан қызығушылық бар, бірақ әзірге нақты елдерді атай алмаймын», – деді Гергишан ASnews.kz берген пікірінде.

Еске салсақ, 30 жастағы шабуылшы мамыр айынан бері ресми матчтарға қатысқан жоқ. Жазда ол Түркияның «Адана Демирспор» клубымен қош айтысып, еркін агент атанды. Түркияда ойнаған кезеңінде Аймбетов 37 ойынға қатысып, 6 голдың авторы атанды.

Әр жылдары шабуылшы «Ақтөбе», «Қайрат», «Астана», сондай-ақ Ресейдің «Крылья Советов» клубтарының намысын қорғады. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының қазіргі трансферлік құны шамамен 400 мың еуроны құрайды.

Сондай-ақ Жуков – Джолчиевтің мансабын құпия аяқтауы туралы.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie