locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Абсурд жағдай. «Коринтианс» Депайды арзан пәтерге көшуін сұрады

Қаржы мәселелері клубқа әсерін тигізуде
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Абсурд жағдай. «Коринтианс» Депайды арзан пәтерге көшуін сұрады
ФОТО: Getty Images

«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Мемфис Депайдың Бразилияның «Коринтианс» клубына келуі нағыз сенсация болған еді. Алайда нидерландиялық футболшының Латын Америкасындағы бұл сапары клубқа қымбатқа түсуде.

UOL мәліметінше, келісімшартқа қол қоярда клуб Депайға ай сайын 46 мың доллар тұратын люкс-номерді төлеуге, сондай-ақ түрлі қызметкерлер мен тамақтануға да шығын шығаруға міндеттелген.

Алайда, клуб мұндай шығындарды азайту мақсатында Депайдан қонақүйдегі номерден шығып, арзанырақ баспана табуын сұрады. Алайда «Коринтианста» Мемфистің келісімшарттағы барлық ыңғайлылықтардан бас тартып, отельден өз еркімен кетуі екіталай деп есептейді.

Бұған дейін Депай Бразилияда кезекті қиындыққа тап болып, бұл қазан айында Нидерланд құрамасындағы ойынына әсер еткен еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie