Абдукодир Хусанов - Манчестер Ситидің ақпандағы үздік ойыншысы
21 жастағы өзбек қорғаушысы Абдукодир Хусанов ақпан айында “Ман Сити” клубының “айдың үздік ойыншысы” атанып, жаңа рекорд орнатты.
Клубқа қосылғанына небәрі алты апта өткен соң, төрт жарым жылдық келісімшартқа қол қойған Хусанов Пеп Гвардиола командасында сенімді, жылдам әрі мықты қорғанысымен “Сити” жанкүйерлерінің сүйіспеншілігіне бөленді.
“Дәл осы қасиеттері оған Эрлинг Холанд пен Йошко Гвардиолды басып озып, клуб тарихында бұл марапатқа ең көп дауыс жинаған ойыншы болуға мүмкіндік берді”, - деп жазады “қалалықтардың” баспасөз қызметі.
Жақында туған күнін атап өткен 21 жастағы футболшы айдың басында “Сити” жейдесіндегі алғашқы голын соқты.
Содан кейін ол Премьер-лигадағы “Ньюкасл”, “Ливерпуль” және “Тоттенхэм Хотспурға” қарсы барлық матчтарда алаңда толық 90 минут ойнады.
“Хусанов “Ситидің” ең жарқын ойыншыларының біріне айналды. Ол ағылшын футболына бейімделген сайын ойыны жақсарып келеді”, – деп атап өтті АПЛ гранды.
Хусанов әзірге өз мүмкіндіктерінің тек бір бөлігін ғана көрсеткендей, және оның “Манчестер Сити” сапында алар асулары әлі алда.
“Манчестер Сити” клубының барлық мүшелері Абдукодирді марапатымен құттықтап, жанкүйерлерге дауыс бергені үшін алғыс білдіреді”, – деп түйіндеді клубтың баспасөз қызметі.