locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Абат Айымбетов қаржылық дағдарысқа байланысты Аданалық Демирспордан кетуі мүмкін

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Абат Айымбетов қаржылық дағдарысқа байланысты Аданалық Демирспордан кетуі мүмкін
ФОТО: АДАНА ФК

Түркияның “Адана Демирспор” футбол клубында қаржылық дағдарыс өршіп, сындарлы деңгейге жетті. Осыған байланысты командадағы көптеген ойыншылар, соның ішінде Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов, клубтан кетуі мүмкін.

Protathlima басылымының мәліметінше, 29 жастағы қазақстандық шабуылшыға Кипрдің бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр. Қазіргі уақытта алдын ала келіссөздер жүріп жатыр, және жақын арада Айымбетовтың жаңа командаға ауысуы мүмкін деген болжам бар.

Биылғы маусымда Абат Айымбетов “Адана Демирспор” сапында Түркия Суперлигасында 14 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 2 сары қағаз алды. Алайда, оның бұл жетістіктеріне қарамастан, команда қиын жағдайда қалды: 19 турдан кейін клуб турнир кестесінің соңғы орнында, небәрі 5 ұпай жинаған.

Бақтиер ЗАЙНУТДИНОВ: “Ойынымыз қалай өзгеретінін көрейік. Біз жақсылыққа үміттенеміз"

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie