2030 жылғы әлем чемпионатының финалы Мадридтегі Сантьяго Бернабеуде өтеді
Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) 2030 жылғы әлем чемпионатының финалдық ойыны Мадридтегі жаңартылған Сантьяго Бернабеу стадионында өтетінін ресми түрде растады.
Хосе Феликс Диастың айтуынша, «Реал Мадрид» президенті Флорентино Перес пен ФИФА президенті Джанни Инфантино клубтар арасындағы әлем чемпионатында кездесіп, бұл туралы келісімге келген.
2030 жылғы әлем чемпионаты үш құрлықтың алты елінде өтеді, бұл әлемдік футбол тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға болмақ. Турнирдің негізгі матчтары Испания, Португалия және Мароккода өтеді.
Сондай-ақ Уругвай, Аргентина және Парагвай 1930 жылы Монтевидеода өткен бірінші әлем чемпионатының жүз жылдығына орай бір-бір ашылу матчын өткізеді. Атап айтқанда, ашылу матчы 1930 жылы тұңғыш әлем чемпионатының ойындары өткен Монтевидеодағы аты аңызға айналған «Сентенарио» стадионында өтеді деп күтілуде.