2025 жылғы Клубтық әлем чемпионаты тарихтағы ең ірі жүлде қорымен ерекшеленді
АҚШ-та өтіп жатқан Клубтық әлем чемпионатында топтық кезең аяқталды. Енді плей-офф басталады — мұнда тек кубок қана емес, ондаған миллион еуро да сарапқа салынады. Бүгінге дейінгі ең табысты клубтар: «Реал Мадрид» (43,55 млн €), «Манчестер Сити» (42,51 млн €) және «Бавария» (37,6 млн €). Бұл туралы marca порталы хабарлайды.
20 елден келген 32 клуб қатысып жатқан бұл турнир ФИФА тарихындағы ең қомақты қаржылай жүлде қорымен өтіп жатыр. Жалпы 1 миллиард доллар (860 миллион еуро) қатысушылар арасында бөлінеді. 1/8 финалға шыққан әр команда 6,45 млн €, ширек финалға — 11,28 млн €, жартылай финалға — тағы 18 млн €, финалист — 25,8 млн €, ал чемпион — 34,3 млн € алады.
Барлығы 408,65 миллион еуро командалардың ойын нәтижесіне байланысты үлестіріледі. Әр матчтың орташа жүлде қоры — 25,6 млн евро.
КӘЧ топтық турнирінде ең көп көрермен жинаған матч анықталды.