locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мансабын аяқтады ма? «Астананың» жас экс-футболшысы мәлімдеме жасады

Геворг Наджарян өз жоспарларымен бөлісті
Эксклюзивтер
Алибек Дангарин
Алибек Дангарин
Сарапшы
Мансабын аяқтады ма? «Астананың» жас экс-футболшысы мәлімдеме жасады
ФОТО: KFF

«Шахтер» мен Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Геворг Наджарян Sports24.kz сайтына берген сұхбатында ойыншылық мансабын қайта жаңғыртуды жоспарламайтынын айтты. Ол соңғы рет өткен жылдың қарашасында алаңға шыққан болатын.

«2026 жылы алаңға қайта оралу ойымда жоқ – қазір бизнес саласында айналысып жүрмін. Мүмкін, бір күні басшылық қызметте мені көретін боларсыздар», – деді қарағандылық футбол мектебінің түлегі.

Айта кетейік, 27 жастағы Наджарян Премьер-лигада 132 матчта 9 нәтижелі әрекет жасаған. Сонымен қатар, ол «Астана», «Атырау» және армяндық «Пюник», «Ван» клубтарында да өнер көрсеткен.

2016 жылы елордалықтармен бірге Қазақстан Кубогын жеңіп алған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie