Аңызға айналған футболшы «Қайратқа» кеңес берді: ЛЧ-дегі «Интерге» қарсы матч алдында
«Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Руслан Сахалбаев Sports24.kz порталына берген эксклюзивті сұхбатында Миландық «Интер» мен Алматының «Қайраты» арасындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің төртінші турына өз болжамын бөлісті.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының төртінші турындағы Миландық «Интер» мен Алматылық «Қайрат» арасындағы матч 6 қараша күні Италияның Милан қаласындағы «Джузеппе Меацца» стадионында өтеді.
«Ойын қиын, бірақ «Қайрат» үшін қызықты болмақ деп ойлаймын. Бұл – маңызды еурокубоктық тәжірибе жинау мүмкіндігі. Әрине, ұпайға таласып көруге болады. Жігіттерге алаңда соңына дейін күресіп, лайықты ойын көрсетуін тілеймін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, «Қайратты» чемпиондықпен құттықтағым келеді», – деді Руслан Сахалбаев.
«Қайраттан» бөлек, Руслан Сахалбаев ҚПЛ-де «Атырау», «Мегаспорт», «Локомотив», «Ақтөбе», «Спартак», «Оқжетпес», «Каспий» және «Қайсар» командаларында ойнаған. Барлығы Премьер-лигада Руслан 280 матч өткізді.