locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жол ашылды. Елнұр Сүйінбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады

Елнұр Сүйінбай кәсіби мансабын сенімді жеңіспен бастады
Жол ашылды. Елнұр Сүйінбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады
ФОТО: KBF

11 шілде күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Елнұр Сүйінбайдың кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегі өтті. Бірінші орта салмақта өнер көрсететін 21 жастағы қазақстандық боксшы Қырғызстан өкілі Жаркынбек Жакыпбек уулу (1–4, 0 КО)мен қолғап түйістірді.

Алты раундқа жоспарланған кездесу тартысты өтті. Дегенмен, Сүйінбай рингтегі жағдайды толық бақылауда ұстады. Нокаут болмаса да, төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға беріп, оның кәсіби жолындағы алғашқы қадамына оң баға берді.

Бұл Елнұр үшін жаңа белестің басы болса, қарсыласы үшін бұл жекпе-жек мансабындағы бесінші жеңіліс болды.

Айта кетейік, Елнұр Сүйінбай - жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия біріншілігінің екі дүркін жүлдегері.

Осы кеште рингке тағы бір отандасымыз - әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері, талантты боксшы Дулат Бекбауов та алғаш рет кәсіби рингте бақ сынайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie