Жәнібек Әлімханұлы Терренс Кроуфордқа қарсы жекпе-жекке шақырды
WBO және IBF орта салмақ санатындағы белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы әлемдік бокс тарихына енетін қадам жасауға ниетті.
Қазақстандық чемпион абсолютті чемпиондар арасындағы мықтыны анықтау мақсатында екінші орта салмақтағы барлық негізгі белбеулердің иесі Терренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.
Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Әлімханұлы жанкүйерлер арасында қызу пікірталас тудырған жазба жариялады:
«Жігіттер, осындай ұсыныс қалай? Мамырға дейін менде төрт белбеудің барлығы болады. Егер сол уақытқа дейін Кроуфорд өз белбеулерін сақтап қалса, 2026 жылдың күзінде екі абсолюттің шайқасын ұйымдастырамыз!» — деп жазды «Qazaq Style».
БАҚ мәліметінше, желтоқсан айында Жәнібек WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен біріктіруші жекпе-жек өткізеді. Орта салмақта жетіспейтін жалғыз белбеу (WBC) Доминикан Республикасының өкілі Карлос Адамеске тиесілі. Егер қазақстандық барлық белбеуді иеленсе, Кроуфордпен кездесуі 2026 жылдың ең күтілетін оқиғаларының біріне айналмақ.
Ахмедов пен Әлімханұлы Лос-Анджелесте оқу-жаттығу жиындарын бастады.