locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшылары рейтингінде

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшылары рейтингінде
ФОТО: NUR.KZ

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы салмақ дәрежесіне қарамастан (Pound-for-Pound) ең мықты боксшылар қатарына енді. Аталған рейтингті беделді Boxingscene.com порталының танымал журналисі Стивен Эдвардс құрастырған.

Кәсіпқой бокста 17 жекпе-жек өткізіп, оның 12-сін нокаутпен жеңіске жеткізген және жеңіліс көрмеген Әлімханұлы рейтингте 20-орынға жайғасты.

Тізімді америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 КО) бастап тұр – Эдвардс оны қазіргі таңдағы әлемнің үздік боксшысы деп атады.

Рейтингтің үздік бестігіне сондай-ақ украиналық Александр Усик (23-0, 14 КО), жапон жұлдызы Наоя Иноуэ (29-0, 26 КО), ресейлік Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) және Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) кірді.

Екінші орта салмақта абсолютті чемпион мәртебесін қайта иеленген мексикалық Сауль «Канело» Альварес бұл тізімде сегізінші орынға орналасқан.

Сауль Альварес пен Теренс Кроуфорд жекпе-жегінің күні белгілі болды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie